Біз туралы » ГККП "Ясли сад №115"
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№115 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-13-05
Әдіскер:
+7(727) 262-14-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Біз туралы
Кинотеатр күні
16
апрель
2026
Кинотеатр күні
КМҚК «№115 бөбекжай-балабақшасында» «Кинотеатр күні» аталып өтті. Іс-шара барысында балаларға қызықты мультфильм көрсетіліп, олар ерекше әсер алды. Мерекелік көңіл-күйді арттыру мақсатында ертегі кейіпкері – Қасқыр қатысып, балалармен бірге түрлі ойындар ұйымдастырып, көңілді билер биледі.
гигиеналық дағдылар мен әдеттерді қалыптастыру
08
апрель
2026
гигиеналық дағдылар мен әдеттерді қалыптастыру
Тақырыбы: Гигиеналық дағдылар мен әдеттерді қалыптастыру Гигиеналық дағдылар – баланың денсаулығын сақтаудың, өзін күту мәдениетін қалыптастырудың маңызды бөлігі. Мектепке дейінгі жаста балада тазалыққа деген әдеттерді қалыптастыру – оның болашақтағы өмір салтының негізін қалайды. Балалар ересектерге еліктеу арқылы үйренетіндіктен, ата-ана мен тәрбиешінің үлгісі өте маңызды. Күнделікті қарапайым әрекеттерді қайталау арқылы балада тұрақты дағды қалыптасады.
Ойынның бала өміріне маңызы
11
март
2026
Ойынның бала өміріне маңызы
Тақырыбы: Ойынның бала өміріндегі маңызы Ойын – баланың негізгі іс-әрекеті және оның дамуының басты құралы. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны танып, ойлау, сөйлеу, қиялдау қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар, ойын баланың эмоциялық жағдайын тұрақтандырып, достарымен қарым-қатынас жасауға үйретеді.
Педагогикалық оқулар жеңімпазы
06
март
2026
Педагогикалық оқулар жеңімпазы
«XIX ғасырдағы ұлттық сана және білім:қазіргі педагогтің көзқарасы» атты VIII қалалық педагогикалық оқулардың қалалық кезеңінде  балабақшамыздың  дене шынықтыру нұсқаушысы Төлегенов Айқын Ғалымбекұлы   II орынды иеленді.
Ата-аналарға кеңес
18
февраль
2026
Ата-аналарға кеңес
Баланың жан-жақты әрі бақытты дамуы – отбасы мен балабақшаның ортақ міндеті. Сол үшін күн тәртібін сақтау, кітап оқуды әдетке айналдыру, баланың қызығушылығын қолдау маңызды. Тәрбиешілермен тығыз байланыста болып, балаға махаббат пен қамқорлық көрсету – оның болашағының берік негізі.
БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ ЗАҢДАР «Адал азамат» бағдарламасы аясында
30
январь
2026
БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ ЗАҢДАР «Адал азамат» бағдарламасы аясында
БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ ЗАҢДАР «Адал азамат» бағдарламасы аясында балабақшада ата-аналармен дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында бала тәрбиесіндегі тәртіп, өзара сыйластық, адалдық пен жауапкершілік сияқты маңызды құндылықтар жайлы әңгіме өрбіді. Ата-ана мен балабақша арасындағы тығыз байланыс – бала бойына дұрыс мінез-құлық пен қоғамға бейімделудің алғашқы қадамы екені атап өтілді.
«Баланы үйде тәрбиелеу және дамыту»
21
январь
2026
«Баланы үйде тәрбиелеу және дамыту»
Бала тәрбиесі – ең жауапты әрі ең маңызды міндеттердің бірі. Балабақша мен отбасы – баланың тұлғалық қалыптасуына әсер ететін екі негізгі орта. Сондықтан үй жағдайында дұрыс ұйымдастырылған тәрбие мен дамыту жұмысы баланың жан-жақты жетілуіне үлкен ықпал етеді. 🏡 1. Үйдегі тәрбиенің маңызы Бала ең алдымен ата-анасының іс-әрекетіне қарап өседі. Үйдегі қарым-қатынас мәдениеті, сөйлесу әдебі, үлкендерге құрмет көрсету – бәрі бала бойына тікелей сіңеді. 🔹 Балаға жылы сөз айту 🔹 Құшақтап, мейірім
"Білімқұмар II" интеллектуалдық олимпиадасы өтті
16
январь
2026
"Білімқұмар II" интеллектуалдық олимпиадасы өтті
🏆 «Білімқұмар» олимпиадасы – кішкентай зияткерлер сайысы Біздің балабақшада «Білімқұмар» атты танымдық олимпиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Аталған шараның басты мақсаты – тәрбиеленушілердің зияткерлік қабілеттерін дамыту, ойлау белсенділігін арттыру және білімге деген қызығушылығын қалыптастыру болды.
Педагогтеріміздің жетістігі
08
январь
2026
Педагогтеріміздің жетістігі
"Өнерім саған-Қазақстан!" республикалық байқауының аудандық кезеңіндегі педагогтеріміздің жетістігі
Ата-аналарға кеңес
22
декабрь
2025
Ата-аналарға кеңес
Құрметті ата-аналар! Мектепке дейінгі жас – баланың тұлғалық, эмоционалдық, әлеуметтік және танымдық негізі қаланатын ең маңызды кезең. Осы уақытта баланың дамуына отбасының рөлі ерекше, ал балабақша – ата-ананың сенімді серіктесі. Консультациялық пункт сіздерге бала тәрбиесінде туындайтын сұрақтарға жауап беріп, қолдау көрсету мақсатында жұмыс істейді.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 14 Вперед