16
январь
2026
"Білімқұмар II" интеллектуалдық олимпиадасы өтті
Олимпиада барысында балалар логикалық тапсырмалар орындап, жұмбақ шешіп, суреттерді сәйкестендіріп, есте сақтау мен зейінге арналған ойындарға белсенді қатысты. Әрбір кезеңде балалар өздерінің тапқырлығын, жылдамдығын және ұйымшылдығын көрсете білді.
Шара өте тартымды, қызықты форматта өтті. Тәрбиеленушілер тек білімдерін көрсетіп қана қоймай, өзара достық пен қолдаудың маңызын сезінді. Әр тапсырма балалардың жас ерекшеліктеріне сай таңдалып, танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Олимпиада қорытындысы бойынша барлық қатысушылар марапатталып, дипломдар мен алғыс хаттарға ие болды. Балалардың қуанышты жүздері – біздің ең үлкен жетістігіміз!
«Білімқұмар» олимпиадасы – болашақ білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы тағы бір маңызды қадам болды.