24
декабрь
2025
🎄 Жаңа жыл ертеңгіліктері өтті
🎄 Жаңа жыл ертеңгіліктері өтті
КМҚК «№115 бөбекжай-балабақшасында» Жаңа жыл мерекесіне орай барлық топтарда дәстүрлі Жаңа жыл ертеңгіліктері ұйымдастырылып өтті.
Мерекелік шара барысында балалар ән айтып, би билеп, тақпақтарын мәнерлеп айтып, қызықты ойындар мен көріністерге белсенді қатысты. Ертеңгіліктерде Аяз ата мен Ақшақар келіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, тәтті сыйлықтар табыстады.
Жаңа жылдық мереке тәрбиеленушілер үшін ерекше әсерлі өтіп, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, мерекелік мәдениетті қалыптастыруға және ұжымдық қарым-қатынасын нығайтуға ықпал етті.
Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! ✨