"Балабақша және спорт" жобасы жоспарына сәйкес балабақшамыздағы спорт ардагерлері ата-аналар шебер сынып өткізді. Атап айтқанда "Бәйтерек" тобындағы Амелинің анасы Айнұр тхэквондодан қара белбеу 1 дан иегері ретінде балабақша педагогтері мен бүлдіршіндерге өзінің спорт тарихы туралы айтып, шебер сынып көрсетті. Балалар мен педагогтер тхэквондоның бірнеше әдістерін қайталап көрсетті.
Сәуір айының 6-сы күні балабақша ішілік "Спорт және балабақша" жобасы жоспарына сай "Кім жылдам?" атты спорттық жарыс ұйымдастырылды. Балалар эстафеталық және ұлттық спорт түрлерінен жарысты.
Логопед Найманақын Балдай Ғалымқызы «Шексіз талант» VII қалалық байқауының қалалық кезеңінде «Үздік декламатор» номинациясы бойынша жүлделі 2 орын алды.
Балабақшамызда "Спорт және балабақша" жобасы аясында күнделікті жаттығулар жасалынады. Педагогтеріміз шетелдік тағылымдама негізінде үнемі әр түрлі жаттығулар жасайды.
Балабақша бүлдіршіндері күнделікті ауа-райына байланысты сыртта немесе балабақша ішінде таңғы жаттығулар жасайды. Мақсаты: Балалардың қимыл белсенділіктерін дамыту.
Талдамалық қызмет: мектепке дейінгі сапалы білім алу мәселелерінде ата-аналардың қажеттіліктеріне мониторинг жүргізу; тәрбиелеу және дамыту, күту мәселелеріндегі қиындықтарды анықтау; әдістемелік көмек көрсетудің жайы мен нәтижелерін зерделеу және талдау, оны жетілдіру бағыттарын айқындау.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДІҢ АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ 1-5 жастағы балалардың негізгі біліктері мен дағдылары. Тәрбиешілер мен ата-аналарға арналған кеңестер. #Консультациялықпункт
"Балабақша және спорт" жобасы аясында балабақша ата-аналары "Спорт құралдары" тақырыбында көрмеге қолөнер туындыларын әкелді, барлық жұмыстар тұрмыстық қалдық заттардан жасалған. Үздік туындыларға алғыс хат берілді.
Наурыз айының шуақты мерекесі 8 наурыз-ааналар мейрамы қарсаңында әр топта ертеңгіліктер өтілді. ертеңгілікке кестеге сай топтар дайындалып, ата-аналарына арналған концерттік бағдарлама түрінде өткізді. ертеңгілік соңында "Ең үздік ертеңгілік" бойынша марапаттау өткізілді.
Ақпан айының 27 күні балабақша әкімшілігі таңертең ата-аналар мен тәрбиеленушілерді алғыс айту күнімен құттықтап, бауырсақ пен тәттілер таратып, әсем әнмен күтіп алды. Ата-аналар ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін айтты.