Іс-шаралар » ГККП "Ясли сад №115"
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№115 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-13-05
Әдіскер:
+7(727) 262-14-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Іс-шаралар
Наурыз мейрамы атап өтілді
03
апрель
2026
Наурыз мейрамы атап өтілді
КМҚК «№115 бөбекжай-балабақшасында» Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Мерекелік іс-шара барысында балалар ұлттық нақыштағы әндер айтып, билер билеп, тақпақтар орындады. Сонымен қатар, ата-аналар белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, мерекенің көркін қыздырды.
8-Наурыз мерекесіне ертеңгіліктер өтті
05
март
2026
8-Наурыз мерекесіне ертеңгіліктер өтті
КМҚК «№115 бөбекжай-балабақшасында» 8 наурыз мерекесіне орай барлық топтарда мерекелік ертеңгіліктер жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға аналарға, әжелерге деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
🎄 Жаңа жыл ертеңгіліктері өтті
24
декабрь
2025
🎄 Жаңа жыл ертеңгіліктері өтті
🎄 Жаңа жыл ертеңгіліктері өтті КМҚК «№115 бөбекжай-балабақшасында» Жаңа жыл мерекесіне орай барлық топтарда дәстүрлі Жаңа жыл ертеңгіліктері ұйымдастырылып өтті. Мерекелік шара барысында балалар ән айтып, би билеп, тақпақтарын мәнерлеп айтып, қызықты ойындар мен көріністерге белсенді қатысты. Ертеңгіліктерде Аяз ата мен Ақшақар келіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, тәтті сыйлықтар табыстады.
🌿 «Табиғатты аялайық!» тақырыбындағы плакаттар көрмесі
26
ноябрь
2025
🌿 «Табиғатты аялайық!» тақырыбындағы плакаттар көрмесі
КМҚК «№115 бөбекжай-балабақшасында» балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Табиғатты аялайық!» тақырыбында шығармашылық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер 6 топқа бөлініп, табиғатты қорғауға бағытталған мазмұнды плакаттар әзірледі. Плакаттарда қоршаған ортаны таза ұстау, қоқысты сұрыптау, суды үнемдеу, ағаш отырғызу және жануарларға қамқорлық көрсету сияқты маңызды тақырыптар көрініс тапты.
«ҚОЛШАТЫРЛАР ШЕРУІ» КӨРМЕСІ
15
октябрь
2025
«ҚОЛШАТЫРЛАР ШЕРУІ» КӨРМЕСІ
КМҚК "№115 бөбекжай-балабақшасында" орта және ересек топтардың қатысуымен «Қолшатырлар шеруі» атты шығармашылық көрме өткізілді. Іс-шараның мақсаты – балалардың эстетикалық талғамын дамыту, ата-аналармен бірлесе шығармашылық қабілеттерін арттыру, қиял мен ойлау қабілетін жетілдіру болды.
«1 қыркүйек – Білім күні» мерекесі КМҚК "№115 бөбекжай-балабақшасында» аталып өтті
02
сентябрь
2025
«1 қыркүйек – Білім күні» мерекесі КМҚК "№115
КМҚК "№115 бөбекжай-балабақшасында" жаңа оқу жылының басталуына арналған «1 қыркүйек – Білім күні» мерекелік іс-шарасы ерекше көңіл-күймен өтті. Таңертеңнен бастап балабақшаның ауласы әсем безендіріліп, балалар қуанышпен қарсы алынды. Тәрбиешілер мен қызметкерлер бүлдіршіндерді шаттықпен қарсы алып, жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара барысында мектепалды даярлық тобының балалары өз өнерлерін көрсетіп, өлеңдер оқып, би билеп, тақпақтар айтты. Ән мен күлкіге толы мереке барысында балалар білім мен
"Сары түс-Күннің нұры" мерекелік сауықтыру іс-шарасы
16
июль
2025
"Сары түс-Күннің нұры" мерекелік сауықтыру іс-шарасы
"Сары түс – Күннің нұры!" (Жаз мезгіліне арналған балабақшадағы мерекелік іс-шара) 🎯 Мақсаты: Балаларға сары түсті қоршаған ортада тануға үйрету; Сары түспен байланысты жазғы табиғат құбылыстарын таныстыру; Әсемдікке, шығармашылыққа тәрбиелеу, көңіл-күй сыйлау. 🪧 Безендіру: Алаңға сары шарлар, күн, гүлдер, балмұздақ суреттері ілінеді; Балалар сары киім киіп келеді (футболка, көйлек, лента, панама); Ашық аспан астында өткізу ұсынылады (аулада, көлеңкеде). 📜
Ұлыстың ұлы күні-22 наурыз мерекесі аталып өтті
17
апрель
2025
Ұлыстың ұлы күні-22 наурыз мерекесі аталып өтті
Сәуір айының ортасында балабақшамызда Ұлыстың ұлы күні-22 Наурыз мерекесі тойланды. Барлық топтық ата-аналары ат салысып, мерекеміз жоғары деңгейде өтті. Ән айтып, би билеп, қазақтың салт-дәстүрлері көрсетілді.
Аналар мектебі жоспары аясындағы "Өнерлі қыз, өнегелі ана" байқауы
27
март
2025
Аналар мектебі жоспары аясындағы "Өнерлі қыз, өнегелі ана" байқауы
Аналар мектебінің жылдық жоспарына сәйкес "Өнерлі қыз, өнегелі ана"  байқауы ұйымдастырылды. 
"Әкем, анам және мен" спорттық сайысы өтті
28
февраль
2025
"Әкем, анам және мен" спорттық сайысы өтті
Ақпан айының 28 күні жобалық қызмет аясында ересек, мектепалды топ ата-аналары мен тәрбиеленушілері арасында "Әкем, анам және мен" тақырыбында эстафеталық жарыс өтті. Жарысты ұйымдастырушы дене шынықтыру нұсқаушысы Төлегенов А.Ғ. Жарысқа ата-аналар мен балалар өте белсенді қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды "Бәйтерек" мектепалды топ иеленді.