Аудандық семинар-практикум өтті » ГККП "Ясли сад №115"
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№115 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-13-05
Әдіскер:
+7(727) 262-14-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Аудандық семинар-практикум өтті
13
март
2026

Аудандық семинар-практикум өтті

КМҚК «№115 бөбекжай-балабақшасында» «Ойын арқылы баланың сөйлеу және эмоциясын дамыту» тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді.

Семинар-практикумның мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда ойын технологиялары арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту, эмоционалдық жағдайын реттеу және педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету болды.

Аталған іс-шараға аудан көлеміндегі 19 балабақшадан әдіскерлер, логопед мамандар және педагог-психологтар қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Семинар барысында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, шеберлік сағаттары және тәжірибелік жұмыстар көрсетілді. Қатысушылар ойын арқылы сөйлеуді дамыту, эмоцияларды басқару, балалармен тиімді қарым-қатынас орнату бойынша заманауи әдіс-тәсілдермен танысты.

Практикалық бөлімде қатысушылар түрлі ойын түрлерін орындап, олардың балалардың тілдік және эмоционалдық дамуына әсерін тәжірибе жүзінде көрді. Сонымен қатар, пікір алмасу алаңы ұйымдастырылып, мамандар өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді.

Жалпы алғанда, семинар-практикум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды өтті. Қойылған мақсаттар толық орындалып, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға оң ықпал етті.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив