16
апрель
2026
Кинотеатр күні
КМҚК «№115 бөбекжай-балабақшасында» «Кинотеатр күні» аталып өтті.
Іс-шара барысында балаларға қызықты мультфильм көрсетіліп, олар ерекше әсер алды. Мерекелік көңіл-күйді арттыру мақсатында ертегі кейіпкері – Қасқыр қатысып, балалармен бірге түрлі ойындар ұйымдастырып, көңілді билер биледі.
Балалар іс-шараға белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде болды. Ойындар мен би арқылы балалардың қызығушылығы артып, жағымды эмоциялар сыйланды.
Жалпы алғанда, «Кинотеатр күні» қызықты әрі мазмұнды өтіп, балаларға ерекше әсер қалдырды.