Балабақшамызда ата-аналардың қатысуымен бракераждық тексеріс өткізілді.
Балабақшамызда ата-аналардың қатысуымен бракераждық тексеріс өткізілді.
Балалардың дұрыс әрі сапалы тамақтануын бақылау мақсатында әр топтан 2 ата-анадан қатысып, жоспарлы бракераждық тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында ата-аналар таңғы ас, түскі ас және кешкі ас уақытында қатысып, ұсынылған тағамдардың сапасын, дәмін, дайындалу деңгейін, мәзірге сәйкестігін және санитарлық талаптардың сақталуын бақылап көрді.
Тексеру нәтижесінде тағамдардың сапасы талапқа сай екендігі, ас мәзірінің теңгерімді әрі балаларға лайық дайындалатыны атап өтілді. Ата-аналар балабақша асханасының жұмысына оң бағаларын беріп, өз пікірлерімен бөлісті.
Мұндай ашық форматтағы бақылау шаралары ата-аналармен ынтымақтастықты нығайтып, балалардың қауіпсіз әрі сапалы тамақтануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
