19
сентябрь
2024
Ерте жастағы балалардың балабақшаға бейімделуі
Балабақша жағдайына ерте жастағы балалардың бейімделуінің үш деңгейі бар: жеңіл (1-16 күн), орташа (16-32 күн), ауыр (32-64 күн). Жеңіл бейімделу 1-2 апта ішінде өтеді. Баланың көңіл-күйінің тұрақсыз болуы 14 күндей байқалады. Бала айналадағыларға: тәрбиеші мен балаларға қызығушылық таныта бастайды, ұйқының бөлінуі, тәбеттің болмауы байқалады. Бала сырқаттанбайды, екінші аптаның соңында ол балабақшаға келгенде ата-аналарынан қиындықсыз қалады, эмоциялық күйі тұрақтанады. Орташа бейімделу кезінде балаларда айдың соңында қалпына келетін ұйқының бөлінуі мен тәбеттің болмауы айтарлықтай дәрежеде байқалады. Бала әдетте енжар, қыңыр, ызақор болады, жиі жылайды, ойыншықтар қызықтырмайды, белсенді сөздікті қолданбайды. Вегетативті жүйке жүйесінің жұмысында бұзылыстар жиі орын алады – бұл терінің бозаруынан, тершеңдіктен, көздің астында дақтың пайда болуынан, дәреттің өзгеруінен көрінеді. Бала ауыр түрде өтетін жұқпалы ауруларға жиі шалдығады. Мектепке дейінгі ұйымға бейімделудің ауыр деңгейі балалардың денсаулығына неғұрлым қауіпті. Әдетте балабақшаға ауыр деңгейде бейімделген бала созылмалы және ауыр сырқаттарға шалдыққыш келеді. Баланың иммундық жүйесі инфекцияға қарсы тұра алмайды, сондықтын олар инфекцияны тез қабылдап алады. Бала тамақтанудан бас тартады, оны күштеп тамақтандырса, ішкен тамағын құсып тастауы мүмкін. Ұйқысы бұзылады, бала жиі оянады, ұйықтап жатып жылайды, ұзақ уақыт ұйықтай алмайды. Қоршаған орта оған әсер етпейді, сүйікті ойыншықтарымен ойнаудан бас тартады, басқа балалармен қарым-қатынас жасамайды, ересектермен қарым-қатынаста белсенділік танытпайды. Бала жеке-типологиялық ерекшеліктеріне (темпераментіне) байланысты сабырлы, баяу немесе ұшқалақ, ызақор болуы мүмкін. Мұндай жағдай бірнеше ай бойы байқалуы мүмкін. Балабақшаға бейімделу процесі ұзаққа созылып кетпеуі үшін, келесі жағдайлар жасалуы қажет: 1.Топта эмоциялық қолайлы жағдай орнату. Баланың балабақшаға барамын деген ықыласын қалыптастыру маңызды. Бұл тәрбиешінің шеберлігіне және жігеріне байланысты. Егер бала алғашқы күннен бастап осы мейірімділікті сезінсе, ол тынышсыздануы мен қорқынышын жеңеді, бейімделу неғұрлым жеңіл өтеді. Бала балабақшаға көтеріңкі көңіл-күймен келу үшін топта өзін үйде сезінетіндей жағдай болуы тиіс. Бейімделудің ауыр кезеңінде ересектер балалардың сұраныстарын барынша қанағаттандырып, олармен эмоциялық қарым-қатынаста болуы тиіс. Баламен жылы сөйлескенде, ересек адам қолына алып көтергенде, ол қамқорлықты сезінеді, бұл баланың тез бейімделуіне септігін тигізеді. 2. Балада сенімділік сезімін қалыптастыру. Бейімделу кезеңі міндеттерінің бірі – балаға жаңа жағдайға жылдам және жеңіл үйренуге, өзін сенімді сезінуге көмектесу. Айналасына сенімділік сезімін қалыптастыру үшін: 4 - балаларды бір-бірімен таныстыру, жақындастыру; -тәрбиешілермен таныстыру, тәрбиешілер мен балалардың арасында ашық, сенімді қарым-қатынас орнату; - топпен таныстыру (ойын, жатын және т.б. бөлмелер); - балабақшамен таныстыру (музыка залы, медкабинет және т.б.); - педагогтармен және балабақша қызметкерлерімен таныстыру. 3.Бейімделу кезеңінде ойын әрекетін дұрыс ұйымдастыру. және Ойын әрекеті міндетті түрде ойындар мен жаттығуларды қамтитын «бала - ересек» «бала-бала» эмоциялық байланысты қалыптастыруға бағытталады. Осы кезеңде ойындардың негізгі міндеті – балалардың тәрбиешіге деген сенімділігін, эмоциялық байланысты қалыптастыру. Бала тәрбиешіден мейірімді, әрдайым көмек беруге дайын адамды (анасы сияқты) және ойындағы қызықты серіктесін көре білуі қажет. Эмоциялық қарым-қатынас әр балаға қамқорлық таныту, жылы сөз айту, күлімсіреу арқылы қолдау көрсететін бірлескен әрекеттер негізінде қалыптасады. Барлық балаға бірдей көңіл бөлу үшін, алғаш рет ойын ойнағанда жаппай барлық балалар қатысуы тиіс. Ересек әрдайым ойынды бастаушы болады. Ойындар балалардың мүмкіндігі, өткізілу орны ескеріліп таңдалады. 4. Ата-аналармен жұмыс. Ата-аналармен өзара қарым-қатынасты бала балабақшаға барғанға дейін бастаған жөн. Табысты бейімделудің қажетті шарты – баланың отбасында және балабақшада жеке ерекшеліктеріне тәсілдерді таңдауда ата-аналар мен тәрбиешілер әрекеттерінің сәйкестілігі. Баланың балабақшаға баруы (жиі 1,5 – 2 жастағы балалар) отбасын қатты алаңдатады, сондықтан ата-аналар балабақша мамандарынан кәсіби психология-педагогикалық қолдауды қажет етеді. Ерте жастағы баланың балабақшаға бейімделу кезеңінде педагогтер мен атааналардың өзара әрекеттестік процесін бірнеше кезеңге бөлуге болады. ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙІМДЕЛУ КЕЗЕҢДЕРІ 1. Бейімделу алдындағы кезең бала балабақшаға барғанға дейін 1-2 ай бұрын басталуы тиіс. Ерте жастағы балалар жаңа топ жинақталған сәттен бастап балабақшаға баратындықтан, осы кезең маусым-шілде айларынан басталуы тиіс. Бұл кезеңнің шараларын іске асыру үшін ата-аналар алдын-ала мектепке дейінгі ұйымға баруы қажет. Бейімделу алдындағы кезеңде балалар мен ата-аналарды балабақшаға дайындау келесі шараларды жүргізу арқылы іске асырылады: - ата-аналарды тәрбиешімен және балабақшадағы топпен таныстыру (мамырда тәрбиеші немесе әдіскер жүргізеді); - баланың әлеуметтік даму деңгейін және эмоциялық жағдайын, отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін және өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын зерделеу (1-Қосымша ата-аналармен сауалнама жүргізу); - ата-аналардың психология-педагогикалық мақсатында оларға ақпараттық материалдар тарату; мәдениетін арттыру 5 - жаз мезгілінде баланың балабақшаға дайындығы бойынша ата-аналарға жеке ұсынымдар әзірлеу (2 Қосымша жаднамалар, кеңестер, ұсынымдар); - ата-аналармен баланың балабақшаға баруға дайындығын талқылау (мамыр-маусым айларында бейімделу алдындағы кезеңде бір-екі рет психолог немесе тәрбиеші жүзеге асырады). 2. Бейімделу кезеңі бала мектепке дейінгі ұйымға барғанда басталады. Екінші кезең маусым-шілде айларында басталады және желтоқсан айына дейін жалғасуы мүмкін. Баланың бейімделу кезеңінен жеңіл өтуіне жәрдемдесу үшін келесі шаралар жүргізіледі: - баланы бақылау және жеке бейімделу парағын толтыру (3 Қосымша); - бейімделу кезінде топтың психологиялық жағдайының даму картасын толтыру (психолог пен тәрбиеші бірлесіп толтырады); - тыныс алу жаттығуын, релаксацияны, сезім арқылы эмоционалдық күйзелістен шығу ойындарын, өзін-өзі реттеуді дамытуға арналған ойындарды, қимылды ойындарды, сурет салуды (тәрбиеші жүргізеді, ҰОҚ жоспарын құрастыруда топтың дамуының психологиялық жағдайының картасы есепке алынады, психолог қатысады) қамтитын дамыту-емдеу сабақтарының кешенін орындау; - күнделікті топтың ақпарат бұрышында,психолог папкасында, атааналарға арналған газетте, әлеуметтік желілерде және басқа тәсілдермен (тәрбиеші психологпен бірлескен түрде) ата-аналарды баланың бейімделуден өтуін хабардар ету; - ата-аналарға демалыс күндері бейімделуді жеңілдету үшін үй тапсырмасын әзірлеу (психолог ата-аналарды су, құм, жарма және қарақұмықпен ойындарды ойнауға, эмоционалдық күйзелістен шығару мақсатында тыныс алу жаттығуларын үйретуді жүзеге асырады). Ерте жастағы балалармен түзету жұмыстарының ең тиімді әдісі жеке және топпен өткізілетін ойын терапиясы болып табылады. 3. Бейімделуден кейінгі кезең. Осы кезеңде баланың көңіл-күйі тұрақтанып, сабырлық таныта бастайды, ұйқысы және тәбеті қалпына келеді. Бұл кезеңде бейімделу процесінен өту нәтижесі туралы қорытынды жасауға болады. Үшінші кезең кейбір балаларда жыл аяғына дейін созылады. Бейімделуден кейінгі кезеңнің негізгі міндеті балардың бейімделу кезінде алған дағдыларын нығайту және бейімделудің бұзылуын болдырмау. Үшінші кезеңде келесі шаралар жүзеге асырылады: - бейімделу кезеңінің басында балалардың жеке бақылау парақтары бойынша нәтижелерін салыстыру және балалардың мектепке дейінгі ұйымға бейімделу деңгейін бағалау (тәрбиеші 8 өлшем бойынша іске асырады: жалпы эмоционалдық жағдайы, таным және ойын әрекеті, ересектермен қарымқатынасы, құрдастарымен қарым-қатынасы, ұйқысы, тәбеті, үйреншікті жағдайдың өзгеруін сезінуі, науқастануы); - кері байланыс ақпаратын алу мақсатында ата-аналармен сауалнама жүргізу; - ата-аналармен ай сайын жиналыстар өткізу (психолог бейімделу 6 нәтижелерін қорытындылай отырып немесе ата-аналар үшін келесі міндеттерді белгілеу арқылы жүзеге асырылады). Үшінші кезеңнен кейін балалардың бейімделу нәтижелері шығарылады, келесі жылы бейімделуді жүргізу бағдарламасы құрылады.