Педагогикалық практика өтуші студенттер жұмысы
ЖенПУ-ден педагогикалық практикадан өтуші студенттер балабақшада белгіленген жоспарға сәйкес практикадан өтті. Практика барысында студенттер мектепке дейінгі ұйымдағы оқу-тәрбие үдерісімен танысып, педагогтердің жұмысын бақылап, тәжірибе жинақтады.
Студенттер ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін (ҰОІӘ) өз бетінше жоспарлап, балалардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі тақырыптарда сабақтар өткізді. Сабақ барысында көрнекіліктерді тиімді пайдаланып, заманауи әдіс-тәсілдерді қолданды. Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтері, сергіту сәттері енгізілді.
Практика кезеңінде студенттер балалармен тіл табыса білу, тәрбие процесін ұйымдастыру, топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытты. Сонымен қатар, ата-аналармен қарым-қатынас жасау, педагогикалық құжаттарды жүргізу бойынша тәжірибе алды.
Жалпы алғанда, практикадан өтуші студенттер өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындап, жақсы нәтижелер көрсетті.

