КМҚК "№115 бөбекжай-балабақшасында" 1-педагогикалық кеңес өтті » ГККП "Ясли сад №115"
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№115 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-13-05
Әдіскер:
+7(727) 262-14-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » КМҚК "№115 бөбекжай-балабақшасында" 1-педагогикалық кеңес өтті
28
август
2025

КМҚК "№115 бөбекжай-балабақшасында" 1-педагогикалық кеңес өтті

үн тәртібі бойынша келесі мәселелер қаралды:

  1. Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарының қорытындысы.
    Әдіскер балабақшаның материалдық-техникалық базасының жағдайы, оқу орталықтарының толықтырылуы мен санитарлық талаптардың сақталуы жөнінде баяндама жасады.

  2. 2025–2026 оқу жылындағы тәрбие-білім беру процесінің негізгі бағыттары мен мақсаттары.
    Меңгеруші жаңа оқу жылындағы әдістемелік нұсқаулықтармен, мемлекеттік стандарт талаптарымен және жаңартылған бағдарламалардағы өзгерістермен таныстырды.

  3. Вариативті компоненттер мен авторлық бағдарламалар бағытындағы жұмыс жоспары.
    Әр тәрбиеші өз бағыттары бойынша (мысалы: «Тәрбие – тал бесіктен», «Шебер қолдар», «Спорт – денсаулық кепілі») жылдық жұмыс жоспарларын ұсынды.

  4. Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау шаралары.
    Медицина қызметкері санитарлық-гигиеналық талаптар, сейсмотренировка өткізу тәртібі және тамақтану сапасын бақылау жайында түсіндірме берді.

  5. Ата-аналармен жұмыстың жаңа формалары мен цифрлық байланыс құралдарын пайдалану.
    Тәрбиешілер ата-аналармен серіктестік орнатудың тиімді тәсілдері, онлайн сауалнамалар мен ата-аналар жиналысын заманауи форматта өткізудің жолдарын талқылады.

Кеңес барысында педагогтар тәжірибе алмасып, алдағы жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді. Әдістемелік кабинет тарапынан оқу жылы бойы өткізілетін ашық сабақтар мен семинарлардың тақырыптық жоспары ұсынылды.

Меңгеруші қорытынды сөзінде педагогтардың еңбегіне табыс тілеп, ұжымның бірлігі мен шығармашылық ізденісінің маңызын атап өтті.

Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша:

  • Барлық топтар жаңа оқу жылына толық дайын деп танылды;

  • Жылдық жоспар мен вариативті компонент бағыттары бекітілді;

  • Әр педагог өз бағытындағы жұмыс жоспарын қазан айына дейін нақтылап өткізуге міндеттелді.

Кеңес жылы, іскерлік және ынтымақтастық атмосферада өтті.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив