"Таза ауадағы ойын түрлері" авторлық бағдарламасы
КМҚК «№115 бөбекжай-балабақшасында» балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру және таза ауада тиімді уақыт өткізу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Таза ауадағы ойын түрлері» тақырыбында авторлық бағдарлама әзірленді.
Аталған бағдарлама мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің жас ерекшеліктеріне сәйкес құрастырылып, заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдер мен халықаралық тәжірибелерді ескере отырып жасалған. Бағдарлама мазмұнында таза ауада ұйымдастырылатын қимылды ойындар, спорттық жаттығулар, топтық және жеке ойын түрлері қамтылған. Сонымен қатар, балалардың дене дамуын жетілдірумен қатар, олардың әлеуметтік-эмоционалдық және коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бағдарламаны әзірлеудің негіздемесі ретінде шетелде өткен іс-тәжірибелер алынды. Атап айтқанда, Польша, Германия, Қытай және Малайзия елдеріндегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының озық тәжірибелері зерделеніп, тиімді әдістері бағдарлама мазмұнына енгізілді.
Бағдарламаның авторлары – балабақша меңгерушісі Естенова А.С. және әдіскер Адиьханова А.Б..
Жалпы алғанда, авторлық бағдарлама балалардың денсаулығын нығайтуға, белсенді өмір салтын қалыптастыруға және білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған маңызды құжат болып табылады.