17
апрель
2025
Таңғы жаттығу
Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл- ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және кұні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады. Таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, қабілеттілігі артады. Балаларды тәртіптендіреді.
Таңертеңгі жаттығу жасау алдында мүлде ерекше міндеттер қойылмайды,
атап айтқанда: бала организмін «ояту», оны әрекетшіл қалыпқа келтіру, жан-жақтылыққа, бұлшық ет жүйесіне аздап ықпал ететіндей, организмнің жүрек тынысы және басқа функцияларының қызметін белсенділендіру, ішкі органдар мен сезім органдарының жұмысын стимулдау, тұлғаның дұрыс, жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал ету, табанның қисайып кетпеуін болдырмау.
Егер балалар күн сайын таңертең дене жаттығуын жасауға дағдыланса және мүдделі болса, ертеңгілік жаттығу сонысымен құнды. Осындай пайдалы әдет адамда өмір бойында сақталады. Организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың денесін шынықтыру кезіндегі басты фактор - оның қимыл әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты, себебі мақсатты орындатқан қимыл-қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.
Таңертеңгі жаттығу балалар бақшасында күнді ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға ықпал етеді.Бір уақыттың ішінде бірге жүргізілген бір қалыпты қимыл қызметінде жүгіріп, секіріп, үлгеріп, алып ұшқан балалар тынышталады, ал белсенділігі төмендері белсенділенеді. Мұның бәрі балалардың барлығының да көңіл күйін бірдей етеді, сергітеді, оларды келесі оқу іс-әрекетке даярлайды. Сөйтіп таңертеңгілік жаттығуды бірден ұйқыдан кейін емес, бір шама уақыт өткен соң жасағанда оның тәрбиелік маңызы кеңейеді. Ол күн кестесінің бөлінбес ұйымдастырушы сәті болады, балаларды бірыңғай тәртіпке, жинақылыққа үйретеді.
Таңертеңгі жаттығу жылдың жылы мезгілдерінде алаңда, ал суық кездерде залда өткізіледі. Белгілі бір тәртіппен іріктелінген дене жаттығуларының үйлесуі «комплекс» немесе «кешен» деп аталады.
Бір ғана комплекстің өзі екі апта бойы қайталанылады.
Таңертеңгілік жаттығулар арнайы бір уақытта таңғы асқа дейін жүргізіледі, жаттығуға қатысу үшін ата-аналар балаларын балабақшаға кешіктірмей алып келуі абзал. Таңертеңгілік жаттығуды балабақша тәрбиешісі немесе дене шынықтырушы жүргізеді. Таңертеңгілік жаттығулар өткізілетін бөлмелерді балалар келер алдында, бірнеше минут бұрын желдетіп алуыңыз абзал.
Жаттығу кешендерін таңдап алу кезінде, көп балалы топтарының қызығушылығы туралы ұмытпау керек. Күнделікті 2 апта бойы бір жаттығуды орындағаннан балалардың жаттығуға деген қызығушылығы төмендеуі мүмкін. Таңдалған жаттығу кешендерін жаңа жаттығулармен алмастырып отыру керек.
Жаттығуларды қысқа және түсінікті етіп түсіндіріңіз. Жаттығуларды көрсету және оны түсіндіруді алдын ала ойластыру керек. Балалардың мектепке дайындығын арттыру үшін , даярлық топқа баратын балалар болса, онда оларға түсіндіру бойынша тапсырмаларды беру керек. Жаттығуларды балалардың дұрыс орындауын қадағалау керек.