03
октябрь
2025
Ұстаздар күні мерекесі
КМҚК "№115 бөбекжай-балабақшасында" Ұстаздар күні мерекесі ерекше көңіл-күймен аталып өтті. Бұл мереке – білім мен тәрбие саласында еңбек етіп жүрген барлық ұстаздар мен педагогтарға арналған ең қастерлі күндердің бірі.
с-шара барысында бірқатар педагогтар өздерінің еңбектері мен кәсіби жетістіктері үшін Алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Марапат иелеріне гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Сонымен қатар, мереке аясында мотивациялық тренинг ұйымдастырылып, ұстаздар бір-бірімен тәжірибе алмасып, командалық ойындар мен жағымды психологиялық жаттығулар орындады. Тренинг барысында ұжым мүшелері бір-бірін қолдап, өзара сенімділік пен бірліктің маңызын сезінді.
Мереке көңілді әндермен, би және сахналық көріністермен жалғасып, барша қатысушыларға тамаша әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Кеш соңында ұжым мүшелері «Ұстаз – ұлт болашағының кепілі» деген ұранмен естелік суретке түсті.