Ақпарат » Страница 2 » ГККП "Ясли сад №115"
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№115 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-13-05
Әдіскер:
+7(727) 262-14-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ата-аналарға арналған ашық есік күні өтті
07
февраль
2025
Ата-аналарға арналған ашық есік күні өтті
Ашық есік күні-бұл ата-аналармен жұмыс жасаудың бір түрі, бұл оларға мектепке дейінгі білім беру мекемесімен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, оқу процесінің міндеттерімен танысуға мүмкіндік береді. Бұл іс – шараның мақсаты-ата-аналар мен педагогтер арасында сенімді қарым-қатынас орнату, балаларды бірлесіп тәрбиелеу міндеттерін анықтау және оларды жүзеге асыру.
2024-2025 жж №3 педагогикалық кеңес өтті
22
январь
2025
2024-2025 жж №3 педагогикалық кеңес өтті
Тақырыбы: "Балалардың физикалық белсенділіктерін арттыру" Күн тәртібі:  1. Жарты жылдық бойынша есеп, әдіскер Адильханова А. 2. «Мектепке дейінгі ұйымда балалардың физикалық дағдыларын дамыту ерекшеліктері» баяндама Құдайбергенова А. 3. Психологиялық тренинг, Отарбек А. 4. СанПин талаптарының орындалуы, Медбике Айтақынова Г. 5. Балалардың физикалық дағдыларын дамыту ойындары көрмесі (топ тәрбиешілері, дене шынықтыру нұсқаушысы)
"Жас келсе іске" тренингі
15
январь
2025
"Жас келсе іске" тренингі
Жұмыс түрі: Психологиялық тренинг Мақсаты: Жас мамандардың ортаға бейімделуі,  жан дүниесіне жағымды әсер ету, өзінің жағымды қасиеттерін аша білу, қарым –қатынас үйлесімділігін орнату. Міндеттері: - Қатысушылар бір-бірі туралы барынша көп ақпарат білуі тиіс. - Әрбір қатысушы өзін бір үлкен топтың бөлшегі ретінде сезінуі үшін топ ішінде жағымды атмосфера құру. - Бірлесіп жұмыс жасауда жалпы бағыттарының бір екендіктері туралы түсінік беру
№2 педагогикалық кеңес өтті
13
ноябрь
2024
№2 педагогикалық кеңес өтті
3.11.2024ж. өткен №2 педагогикалық кеңес Тақырыбы: «Тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз және жайлы орта құру» Бүгінгі педагогикалық кеңесте балаларға жайлы әрі қауіпсіз орта құру тақырыбында маңызды баяндамалар тыңдалды. Сондай-ақ, заттық дамытушы ортаға арналған көрме ұйымдастырылып, коммуникативті, экологиялық, шығармашылық, танымдық және физикалық ойындар дайындалды. Кеңеске қатысушылар бұл іс-шара арқылы балалардың дамуына қолайлы жағдай жасау туралы көптеген жаңа идеялармен танысты.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС №3
21
январь
2021
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС №3
№ 3  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС Тақырыбы:  БІРІНШІ ЖАРТЫ  ЖЫЛДЫҚ ОҚУ-ТӘРБИЕ  ЖҰМЫСЫНЫҢ  ҚОРЫТЫНДЫСЫ. КҮН    ТӘРТІБІНДЕ: 1. Жарты  жылдық  жұмыстың                     қорытынды  есебі 2. Әр  топтағы  тәрбиешілердің және мамантардың  есебі .   3. Психологиялық сәт. 4. Педагогикалық  кеңестің шешімін  шығару
Қыс қызығы
15
январь
2021
Қыс қызығы
Алматы қаласы Медеу ауданы КМҚК «№115 бөбекжай- балабақшасы» МАД «Бәйтерек, Сұңқар»топтары. (В5,В6) 15.01.2021ж. Іс-шара:Дене шынықтыру сауық-кеші. Тақырыбы: « Қыс қызығы »   Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану. Салыстыру арқылы балалардың ой-өрісін дамыту.Балалардың психо-эмоционалдық жағдайын, бұлшық ет жүйесінің жұмысын жақсарту.
Тәуелсіздік күніне орай тақырыптық ҰОҚ
15
декабрь
2020
Тәуелсіздік күніне орай тақырыптық ҰОҚ
Тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық ҰОҚ мектепалды даярлық "Бәйтерек" тобы
"Елін сүйген Елбасы" тақырыптық ҰОҚ
30
ноябрь
2020
"Елін сүйген Елбасы" тақырыптық ҰОҚ
Тақырыптық ҰОҚ тақырыбы: "Елін сүйген Елбасы" мақсаты: а) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру. б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.  Мектепалды даярлық тобы "Сұңқар" тәрбиеші: Сатыбалдиева С.А.
Біздің жетістіктеріміз!!!
23
ноябрь
2020
Біздің жетістіктеріміз!!!
Халықаралық фестиваль - байқауында "Хореография" номинациясы бойынша Бас жүлдеге иегері КМҚК "№115 бөбекжай-балабақшасының" мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілері. Хореограф жетекші: Файзукова Венера Нарисовна тәрбиеші: Адильжанова Ұлдана Атханқызы, Жанарбекқызы Қарлығаш.