«Тілдер мерекесі»
«Тілдер мерекесі» КМҚК "№115 бөбекжай-балабақшасында» аталып өтті
КМҚК "№115 бөбекжай-балабақшасында" Тілдер күні мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Іс-шараның басты мақсаты – бүлдіршіндерге ана тілін қадірлеу, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттыру және түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен татулықты нығайту болды.
Мерекелік шара барысында балалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тақпақтар айтып, ән шырқап, би биледі. Әр топ өз өнерін көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері үш тілде «Бірлігіміз – жарасым» атты көрініс көрсетіп, достық пен ынтымақтың маңызын өз ойындарымен жеткізді.
Балабақша ауласы түрлі түсті шарлармен, ұлттық өрнектермен безендіріліп, мерекелік атмосфера ерекше әсер қалдырды.
Шара соңында тәрбиешілер балаларға тілдің адам өміріндегі рөлін түсіндіріп, «Тілім менің – тірегім!» тақырыбында ой бөлісті.
Мереке «Тіл – достықтың кілті» ұранымен қорытындыланды