"Балабақша және спорт" жобасы аясында қалалық семинар өтті » ГККП "Ясли сад №115"
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№115 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-13-05
Әдіскер:
+7(727) 262-14-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Балабақша және спорт" жобасы аясында қалалық семинар өтті
22
май
2025

"Балабақша және спорт" жобасы аясында қалалық семинар өтті

Семинардың  бағдарламасына сәйкес бөбекжай меңгерушісі Естенова А.С.   балабақшаға шолу жасап, таныстырды. Әдіскер Адильханова А.Б. жоба бойынша таныстырылым өткізді. Балабақша педагогтері келген қонақтармен желдеткіштің көмегімен музыкалық-ырғақты жаттығу жасады.Таза ауада мектепалды тобының ұйымдастырылған іс-әрекеті өтті. Балабақша ауласындағы шағын орманда балалар «Таңғы шеңбер» әдісін орындап, доппен жаттығу жасап, тұрмыстық еңбеккке баулитын және шығармашылықтарын дамытатын тапсырмалар орындады. Дене тәрбиесі нұсқаушысы Төлегенов А.Ғ. балабақша ауласында Қытай елінің әдістерін енгізе отырып дене тәрбиесі іс-әрекетін өткізді. Барысында жаттығулар, эстафеталық жарыстар болды, соңында топтарға бөлініп футбол ойнады. Бағдарламаның келесі бөлімінде қатысушы педагогтермен Польша тағылымдамасы бойынша қызықты WORKSHOP өткізілді. Қонақтырымыз көздерін жауып арқанмен жүрді, айнаның көмегімен кедергілерден өтті, құрылыс сызғыштарынан мүсін жасады, топтық тапсырмалар орындап, табиғат заттарынан әтір жасап жарысты. Келесі кезеңде балабақша спорт алаңында ата-аналардың садақ ату, тхэквондо, алаңдағы бестемше спорт түрлерінен шебер сыныптары өтті. Балабақшаға шолу жасалынып, Германия елінің іс-тәжірибесіне сүйене отырып жасалынған «Ақ әлем» бөлмесі, Малайзия тағылымдамасынан алынған «Педагог орталығына» таныстырылым өтті. Семинар соңында еркін микрофон әдісі бойынша қонақтар мен қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс берді. 

Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Малгаждарова Б.Т мен қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталық басшысы Карасёва Н.В. мектепке дейінгі дене тәрбиесі нұсқаушыларының мәртебесін көтеру жайлы пікір алмасып, тың ақпараттармен бөлісті. 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив