14
октябрь
2020
Спорт біздің досымыз! Денсаулық сауык кеші


КМҚК «№115 бөбекжай балабақшасы»
Ортаңғы «Күншауқ»
Күні:14.10.2020ж.
Тақырыбы:Спорт – біздің досымыз!
Мақсаты:
1.балардың салауатты өмір сүруіне ықпал тигізу;
2.спортқа деген қызығушылығын ояту
3.дененің ептілік, күштілік , жылдамдық, қасиеттерін қалыптастыру
Керекті құрал-жабдықтар: доптар, жалаулар, шеңбер, т.б
Тәрбиеші:Құрметті қонақтар, балалар! «Спорт-біздің досымыз!» атты «Күншуақ» тобы балаларының спорттық шарасына қош келдіңіздер!
«Денсаулық – зор байлық» деген сөздің астарында үлкен мағына жатыр. Адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ. Ол ақшаға сатылмайтын, ешбір бағалы затпен тең келмейтін құнды байлығымыз. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз абзал.
-Балалар,ол үшін біз не істеуіміз керек?
-Дене шынықтырудың қандай маңызы бар?
-Қимыл –қозғалыстың қандай пайдасы бар?
-Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
-Спорттың қандай түрлері бар?
Тәрбиеші:
Денің сау болсын десен,
Ұзақ өмір сүргің келсе,
Жаңа достар тапқың келсе,
Көңілің серген болсын десең,
Зиянды әдеттен аулақ болғың келсе,
Салауатты ғұмыр кешем десең,
Арманыңа жеткің келсе,
Үлгілі болам десең,
Өнерлі болғың келсе,
Өз еркіңе тоқтау салып,
спортпенен шұғылдан!
Балаларды 2 топқа бөлу
1-топ «Ақ көгершін»
Ұраны: «Ақ көгершін , ұш биікте қалықта, қалықтаудан еш уақытта жалықпа»
2-топ «Балапан»
Ұраны : «Намысы бар балапандар қайдасың, білген дұрыс бұл спорттың пайдасын »
Ойын барысы
- «Доп тапсыру » сайысы
- «Жалауша тапсыру» сайысы
- Шенбермен жүгіру
- «Қоянша»секіру
- «Аюша»қорбаңдау
- «Көпірден өту» сайысы
- «Арқан тартыс» сайыс