Балабақша бүлдіршіндері күнделікті ауа-райына байланысты сыртта немесе балабақша ішінде таңғы жаттығулар жасайды. Мақсаты: Балалардың қимыл белсенділіктерін дамыту.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДІҢ АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ 1-5 жастағы балалардың негізгі біліктері мен дағдылары. Тәрбиешілер мен ата-аналарға арналған кеңестер. #Консультациялықпункт
"Балабақша және спорт" жобасы аясында балабақша ата-аналары "Спорт құралдары" тақырыбында көрмеге қолөнер туындыларын әкелді, барлық жұмыстар тұрмыстық қалдық заттардан жасалған. Үздік туындыларға алғыс хат берілді.
Наурыз айының шуақты мерекесі 8 наурыз-ааналар мейрамы қарсаңында әр топта ертеңгіліктер өтілді. ертеңгілікке кестеге сай топтар дайындалып, ата-аналарына арналған концерттік бағдарлама түрінде өткізді. ертеңгілік соңында "Ең үздік ертеңгілік" бойынша марапаттау өткізілді.
Ақпан айының 27 күні балабақша әкімшілігі таңертең ата-аналар мен тәрбиеленушілерді алғыс айту күнімен құттықтап, бауырсақ пен тәттілер таратып, әсем әнмен күтіп алды. Ата-аналар ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін айтты.
"Бірыңғай өрт қауіпсіздігі" республикалық акциясына байланысты балабақшамыздың балаларына қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіріліп, оқу-жаттығу ұйымдастырылды.
Қаңтар айының 27 мен 31 аралығы балабақша ішілік ашық ұйымдастырылған апталық өтті. Топ тәрбиешілер 5 білім дағдысын кіріктіріп, балабақша аумағын кеңінен пайдалана отырып іс-әрекеттер өткізді. Бір-бірлеріне кері байланыс беріп, қорытындыладық, үздік ұйымдастырылыған іс-әрекеттерді марапаттадық.
Бөекжай-балабақшамыздың ата-аналарымен жұмысы жоспары мен жобалық қызмет аясында "Менің отбасымдағы спорт" фото көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге әр ата-ана балаларымен бірге спортпен шұғылданып жатқан фотоларынан үзінді ұсынды.
Ұлттық құндылықтарды балалардың бойына сіңіру үшін бөбекжай-балабақшамызда әр жұма сайын балалар мен қызметкерлер ұлттық киім киеді және таңғы жаттығу орнына "Қара жорға" биін билейді.
Желтоқсан айының 24-27 аралығы балабақша топтарында "Қош келдің, Жаңа жыл!" атты ертеңгіліктер ұйымдастырылды. Барлық ертеңгіліктер жаңа форматта, ата-аналардың қатысуымен өтті.