№2 педагогикалық кеңес өтті
3.11.2024ж. өткен №2 педагогикалық кеңес Тақырыбы: «Тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз және жайлы орта құру» Бүгінгі педагогикалық кеңесте балаларға жайлы әрі қауіпсіз орта құру тақырыбында маңызды баяндамалар тыңдалды. Сондай-ақ, заттық дамытушы ортаға арналған көрме ұйымдастырылып, коммуникативті, экологиялық, шығармашылық, танымдық және физикалық ойындар дайындалды. Кеңеске қатысушылар бұл іс-шара арқылы балалардың дамуына қолайлы жағдай жасау туралы көптеген жаңа идеялармен танысты.