«1 қыркүйек – Білім күні» мерекесі КМҚК "№115
КМҚК "№115 бөбекжай-балабақшасында" жаңа оқу жылының басталуына арналған «1 қыркүйек – Білім күні» мерекелік іс-шарасы ерекше көңіл-күймен өтті. Таңертеңнен бастап балабақшаның ауласы әсем безендіріліп, балалар қуанышпен қарсы алынды. Тәрбиешілер мен қызметкерлер бүлдіршіндерді шаттықпен қарсы алып, жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара барысында мектепалды даярлық тобының балалары өз өнерлерін көрсетіп, өлеңдер оқып, би билеп, тақпақтар айтты. Ән мен күлкіге толы мереке барысында балалар білім мен